Таяу күндері Қазақстан аумағында қар, жаңбыр және күн райының суытуы күтіледі

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 20:36 Zakon.kz
Солтүстік облыстарда жаңбырдың арты сулы қарға ұласуы мүмкін, оңтүстік облыстардың кей жерлерінде нөсер жаңбыр, найзағай және бұршақ түсуі ықтимал.

"Қазгидромет" РМК 4-6 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерорта теңізінің белсенді циклонымен, Қазақстанның батыс облыстарының кей жерлерінде нөсер жаңбыр өтті. Алдағы тәулікте бұл циклон толып, шығысқа қарай жылжый бастайды, ал онымен байланысты атмсофералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында жауын-шашын, әсіресе жаңбыр, күшті ұйытқымалы жел тудырады.

Солтүстік облыстарда жаңбырдың арты сулы қарға ұласуы мүмкін, оңтүстік облыстардың кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай және бұршақ түсуі ықтимал.

Циклон және суық фронттардың артынан Ресейдің Еуропалық бөлігі аймағының солтүстігінен антициклон жылжый бастайды. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнгі температура 0-ден минус 5°С дейін төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: