Дүйсенбі күні еліміздің басым аумғында тұрақсыз ауа-райы күтіледі
"Қазгидромет" РМК 15 сәуір күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болып, солтүстік және солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын түседі. Тек оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ, желдің күшеюі, бұршақ болып, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге көтерілуі мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, мүмкін бұршақ болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында найзағай болуы ықтимал.