Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөміріне қатысты дау туды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 15:06 видеодан кадр
Заңға сәйкес бұл 12 саннан тұратын цифрлық код бір рет беріледі. Және ауыстыруға рұқсат жоқ.

Өйткені бір ғана сан бірнеше адамның тыныш өмір сүруіне зиян келтірген. Мәселен, құжаттағы қате салдарынан кейбіреулер зейнетақы мен несие ала алмай отырса, енді бірінің шетелге шыға алмай басы қатып жүр. Мәжілісмендер осы мәселені реттеу үшін Әділет министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Депутат Шакир Хахазов жеке сәйкестендіру нөміріндегі қателіктен опық жедік деген бірнеше жанның жанайқайын жалпы отырыста көтерді.

Алматылық, қарағандылық, оралдық тұрғындар 20 жылға қартайып кетсе, астаналық Майра бір мезетте ер адам болып шыға келген.

Шакир Хахазов, Мәжіліс депутаты:

- Қарағандылық Наталья Шубичук 2018 жылы жоғалған жеке куәлігін ауыстырғанан кейін 143 жаста екенін білген. Ал, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Вадим Шоворостов 5 жылдан бері зейнеткер еместігін дәлелдеумен келеді. Оралдық Игорь Бакалкин ЖСН нөмірін түзетем деп жүргенде 2010 жылы өлгендер тізіміне кіріп кеткен.

Ал, астаналық Әйгерім Омарова да осы қателіктің салдарынан талай жерде опық жеді. Тіпті ЖСН нөмірінің дұрыстығын дәлелдеймін деп ұшақтан кешіге жаздаған.

Әйгерім Омарова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- ЖСН-ды дұрыс берген жоқ. 25-тің орнына 28 деп жазған. Шекараны өткенде қиындықтар туады. Жеке басыма қатысты сұрақтарды көп қояды. Әсіресе, халыққа қызмет көрсету орталығына немесе жәрдемақы төлеу орталығына барсам сұрақтың астына алады.

Әділет министрлігінің мамандары жеке сәйкестендіру нөміріндегі қателіктен ешкім зардап шекпейді деп отыр. Өйткені, туған күні, айы, жылы мен ЖСН нөмірінің нақ бірдей болуы міндетті емес екен. Шенеунік сөзіне дәлел ретінде өзінің құжан көрсетті. Сөйтсек, Сәбит Сәндібайдың жеке куәлігіндегі сандар да сәйкес болмай шықты.

Сәбит Сәндібай, Әділет министрлігі тіркеу және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары:

- Бүгінгі таңда ЖСН қателіктері шығып жатыр. Яғни адамның нақты туған күні айымен сәйкес емес дегендей. Бірақ бұл ешқандай мемлекеттік қызмет алуға кедергі келтірмейді.

Ішкі істер министрлігі де әріптестерінің сөзін растап отыр. Тек халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен банктерге ескі базаны жаңартуы керек дейді.

Нұрбек Нұрахметов, ІІМ Көші-қон комитетінің аға инспекторы:

- Мемлекеттік органдарға, банктерге сұраныс жолданды. Яғни ЖСН-дегі нөмірлер сәйкес болмаса да азаматтарға қызмет көрсетуін сұрап отырмыз. Оның үстіне банк немесе мемлекеттік мекемелер болсын өздерінің ақпараттық жүйелерін жаңартып отыруы тиіс.

Жалпы елімізде жеке сәйкестендіру нөмірі 2013 жылдан бастап беріле бастапты. Заңға сәйкес бұл 12 саннан тұратын цифрлық код бір рет беріледі. Және ауыстыруға рұқсат жоқ. ЖСН-дағы қателіктер азаматтардың зейнетақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы мен алимент алуына кедергі келтіруде. Сондықтан депутаттар, құжаттағы қателікті дәлелдей алмағандар азаматтығын ауыстырып, шетелге көшіп кетуі мүмкін деп алаңдап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: