Сәрсенбі күні еліміздің басым аумағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

Darakchi.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 15:28 Darakchi.uz
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Синоатиктер 4 сәуір күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, түнде желдің күші 15-20 м/с артауы мүмкін.

Шығыс-Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: