Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы "Сергек" жүйесі заң бұзушылықтарды тіркеу ауқымын кеңейтпек

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 18:48 BNews.kz
"Сергек" жобасы астанада қылмыс деңгейін 24%-ға төмендетуге мүмкіндік берді

Жобаны енгізу қаладағы қауіпсіздікті күшейтуге септігін тигізді. "Сергек"жобасы астанада қылмыс деңгейін 24%-ғатөмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметі бойынша, барлық камералар "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің" қылмыстық картасына сәйкес (KPSiSU) қаладағы ең криминогендік аулаларда және үйлерде орнатылған.

Бұдан басқа, жоба елорданың жолдарындағы қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік берді. Жүргізушілер тәртіпті сақтайтын болды. Бұл өз кезегінде апаттылық деңгейіне оң әсерін тигізді. Өткен жылдың қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жолдарындағы өлім-жітім 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге азайды. Елорданың жолдарындағы өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 3,1 құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштен 3,5 есе төмен (2017 жылы - 60 адам, 2018 жылы – 34 адам).

"Ақылды" бейнекамералардың көмегімен қалада жалпы сомасы 5 млрд. теңгелік 700 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, бюджетке шамамен 3 млрд. теңге құйылды.

"Сергек" жүйесі трафик ағымының деректеріне негізделген Big Data талдауларын пайдаланады (кептелістер, төтенше жағдайлар, жолдардың тозуы). Жүйені іске қосқаннан бері 500 миллионнан астам бейнематериал жинақталған. Аталған материалдар трафикті жақсарту бойынша ұсыныстар жасау, оң жаққа бұрылу және "Bus lane" (Автобус жолағы) қоғамдық көлік жолдарын енгізуге мүмкіндігін береді.

Қазіргі уақытта "Сергек" жүйесі функционалына қосарлы жол жолағынан өту, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жолдағы бір жолақтан екіншісіне ауысу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, техникалық байқаудан өткендігін растайтын құжат пен сақтандырудың бар болуы сияқты қосымша бұзушылықтарды қосу мәселесі қарастырылуда. Жүйенің функционалдық мүмкіндіктеріне қосымша функцияларды енгізу мерзімі туралы азаматтарға алдын-ала хабарланады.

"Сергекті" енгізудің табыстылығы ескеріле келе, аталмыш шараларды одан әрі кеңейтіледі деп жоспарлануда. Жалпы бақылауға арналған 7000 камераны орнату және біріктіру қарастырылған: оның ішінде 4000-нан астам камераны адам көп жиналатын орындарда орнату, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы, әлеуметтік нысандардағы, заңсыз ұйымдастырылған қоқыс орындарындағысаябақтардағы, қару сатылатын дүкендердегі, мешіттер мен полицияның жедел басқару орталығы арқылы бақыланатын басқа да орындардағы 3000 камераны біріктіру.

Бұдан басқа, әкімдік "Сергек" жүйесінің тиімділігін арттыру және одан әрі дамыту бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен, биыл Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ХҚКО-да жаңа процессинг орталығы ашылды. Бұл орталықты іске қосу, "Сергектен" алынған деректерді жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін дұрыс хаттама толтыру, кіріс қоңырауларын алу, халыққа тіркелген заң бұзушылықтар бойынша заңнаманы ауызша түсіндіру, азаматтарды жасаған заң бұзушылығы туралы хабардар ету (ауызша түсіндіру, заң бұзушылықтардың дәлелдерімен танысу және т.б.) мақсатында жедел түрде өңдеуге мүмкіндік берді.

Ақпараттық-коммуникациялық әдісті (SMS-хабарламалар, мобильді қосымшалар, электронды пошта, Интернет-ресурстар және т.б.) қолдану арқылы заң бұзушылығы туралы халықты хабардар ету тұрғысында Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытта әрбір азаматта ЖСН-мен тіркелген ұялы телефоны бар. Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хатты заң бұзушы азаматқа арнайы жеткізу керек.

"Сергек" жобасы - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі (МЖӘ) аясында жүзеге асырылатын елдегі цифрландыру жобаларының ішіндегі алғашқысы. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы және "Астана Innovations" АҚ мемлекеттік серіктес ретінде жұмыс істейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: