Қырғыз парламенті экс-президенттерді "сотталмайтын" мәртебеден айыруға дауыс берді

Жогорку Кенеш үшінші оқылымда "Қырғыз президентінің іс-әрекеттерінің кепілдіктері туралы" ҚР заңына өзгертулерді мақұлдады, деп хабарлайды КирТАГ.
111 депутат "Ия" деп дауыс берсе, 3 депутат "қарсы" болған.
Заң жақын арада президенттің қол қоюына жіберіліп, одан кейін ресми күшіне енеді.
Заң кейбір жекелеген жағдайларда елдің бұрынғы президенттерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді. Осы уақытқа дейін мемлекеттің бұрынғы басшылары қол сұғылмаушылық мәртебесіне ие болып келген.
Сонымен қатар, республиканың экс-президенті қызметінен кеткеннен кейін "саясатпен айналыса бастаса" немесе "мемлекеттік лауазымдарға таласа бастаса" да қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырылады.
Бұрын Қырғызстанда кеткен президенттерді мүлдем қамауға алуға болмайтын. Ондай мәртебе әзірге Алмазбек Атамбаев пен Роза Отунбаевада бар. Тағы екі бұрынғы президенттер – халықтық революция нәтижесінде тағынан тайған Асқар Ақаев пен Курманбек Бакиевтер мұндай мәртебеден айырылған болатын.