Жоғарғы Рада Украинадағы мобилизациялау мерзімін ұзартуды қолдап дауыс берді
Сурет: Instagram/verkhovna_rada_of_ukraine
Жоғарғы Рада Украинадағы соғыс жағдайы мен мобилизациялау мерзімін үш айға ұзартуды қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС хабарлағандай, елдегі соғыс жағдайы мен мобилизациялау мерзімі 23 тамызға дейін ұзарту бастамасы көтерілді.
Украинада 24 ақпанда толық ауқымды көлемде соғыс басталғаннан кейін соғыс жағдайы енгізілді. Әрбір келесі айда ел билігі оны ұзартып келеді. Сонымен қатар, 25 ақпанда Зеленский әскери міндеттілерді әскерге жаппай шақыру басталғанын жариялап, оны 90 күн ішінде өткізуді тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript