Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы кезектен тыс сайлау әлемде оң бағасын алады – сарапшы

ҚСЗИ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 22:12 ҚСЗИ
Сыртқы ойыншылар үшін осындай сценарийдің болғаны тыныш, деп санайды маман.

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық зерттеу бөлімінің жетекшісі, Ph.D Әсел Назарбетова Қазақстанда жарияланған кезектен тыс президенттік сайлау халықаралық қауымдастық тарапынан қандай баға алуы мүмкін екенін Zakon.kz тілшісіне әңгімелеп берді.

Президент сайлауын жариялау – Қазақстанда басталған билік транзиті жағдайында күтіліп отырған оқиға, ол әлемде оң баға алады, деп санайды Әсел Назарбетова.

– Президент Тоқаев өз жолдауында мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын жариялау – мәжбүрлі шара екенін айтты. Әлемдегі ахуал бұлыңғыр, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет деді. Қазір халықаралық бақылаушылар, сыртқы ойыншылар мемлекетте айқындық орнағанын көргісі келеді, жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланған Президентті көргісі келеді. Бұл біздің ішкі және сыртқы саясатта тұрақтылық бар екенін тағы да дәлелдей түсер еді. Халықаралық инвесторлар үшін, трансұлттық компаниялар мен шетелдік бизнес үшін айқындық керек, ал біз соған бара жатырмыз. Жалпыхалықтық Президент сайлауы нүкте қойып, сыртқы ойыншыларға Қазақстандағы жағдайдың тұрақты екенін көрсетуі керек, Қазақстан дамуын ары қарай жалғастырып, өзінің айқындалған бағыттарымен ары қарай жылжи беруі тиіс, – деп санайды сарапшы.

Ал Қазақстанның сыртқы саясатына келер болсақ, ол сайлауда жеңіске кімнің жеңіске жеткеніне байланысты болады. Оның үстіне, саясаттанушы сыртқы саясаттағы бағыттарда күрт өзгерістер болмайтынына сенімді.

– Көпвекторлы саясат өзін әбден ақтады. Қазақстанның Тұңғыш президенті мұны талай рет айтқан болатын. Қазақстанның көпвекторлы, прагматизмге негізделген саясаты біздің шетелдік әріптестеріміз үшіне де барынша түсінікті, біздің жолымыз өз жемісін берді, Қазақстанның сыртқы саясаты экономикамызға ұшан-теңіз пайдасын тигізуде, – деп санайды Әсел Назарбетова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: