"Ауыл" партиясы президент сайлауына өзін насихаттау үшін қатысады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 22:48 pixabay.com
Мұндай мәселе үш сағаттың ішінде шешілмейді. Сондықтан бұл мәселені мүшелеріміз бен саяси кеңес президиумымен жеке талқылаймыз – Бекетаев.

"Ауыл" партиясы өз жұмысын насихаттау үшін президент сайлауын пайдаланып қалмақ. Алайда әзірге оның қатысуы нақты шешілмеді. Бұл туралы "Ауыл" Халықтық-демократиялық партиясы Орталық кеңесінің кеңейтілген отырысында партия төрағасы Әли Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Біз де Қазақстанның саяси ұйымы ретінде бұл сайлауға қандай жолмен қатысатынымызды ойластыруымыз керек. Менің ойымша, мұндай мәселе үш сағаттың ішінде шешіле қоймас. Сол себепті біз бүгін жиналып, өзіміздің қоғамдық-саяси көзқарасымызды білдірмекпіз. Ал сайлауға қатысу мәселесін біз саяси кеңес мүшелерімен, саяси кеңес президиумымен бірге жеке жиналып, талқыға салатын боламыз, – деді ол.

Бекетаев сондай-ақ, бұл сайлаудың "партияның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне қатысып қалуы үшін тағы бір мүмкіндік екенін" және партия жұмысын насихаттауға мүмкіндік беретінін айтып қалды.

– Біз бұл жағдайды міндетті түрде пайдаланып қалуымыз керек. Бұл енді анық нәрсе, – деді ол.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: