Әділет министрлігі: Тоқаевтың шетел сапарлары сайлауға түсуіне кедергі емес

Мәжілісте Әділет вице-министрі Наталья Пан ел президенттігінен үміткер кандидаттарға қойылатын талаптарда шетелдік сапарлар туралы бап жоқ екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
– Бұл қызметтік қажеттіліктерден туындаған. Оны шетелге Қазақстан Республикасы жіберді, сол себепті бұл оның кандидат ретінде тіркелуіне кедергі болмайды, – деп түсіндірді Пан.
2011 жылдың наурызында БҰҰ Бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры және сондай-ақ БҰҰ бас хатшысының Қарусыздану жөніндегі конференциядағы өкілі етіп тағайындау туралы шешімін жариялаған болатын.
Тоқаев одан бұрын Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы болған. Швейцариядағы БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты аға тұлға болған. 2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы парламент сенатының төрағасы болып сайланған.
Қазақстан заңы бойынша, Қазақстан президенті болып мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұрған, жоғары білімді және қырық жасқа толған республика азаматы сайлана алады.