Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Павлодар облысында 172 адам қызылшаға шалдыққан

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2019 22:21 pxhere.com
Елімізде аталған дертпен 5896 адам ауырған.

Жыл басынан бері өңірде 172 адамның қызылшаға шалдыққаны зертхана сараптамасымен расталған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті.

- Қызылша ауруына шалдығу еліміздің барлық аймақтарында байқалады. Бұл республика бойынша өзекті мәселеге айналған. Елімізде аталған дертпен 5896 адам ауырған. Біздің облыста қызылшаның алғашқы дерегі желтоқсан айында Астана қаласынан әкелгені тіркелген. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, науқастардың 50 пайыздан астамы - бір жасқа дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Бірінші рет сәбилерге бір жаста, екінші рет бала алты жасқа толғанда екпе салынады, - дейді Ирина Сорокина.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, 2019 жылдың 1 сәуірінде қызылшаға қарсы қосымша иммунизация басталған. Оған бірінші кезекте 9-10 айлық қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ балалар, қызылшаға шалдығуы мүмкін адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері кіреді. Сәуір айында бір аптаның ішінде 471 адам екпе алған.

- 1990 жылдары балалық шағында екпе алу сызбасы бұзылған, яғни қызылшаға қарсы екпе алмаған аналар антиденелерді өздерінің балаларына бере алмайды. Ол кезде вакцина болмаған. Сондықтан мемлекет бір жасқа дейінгі балаларды қорғауға тырысуда. Облыста наурыз айының соңында қосымша Үндістанда шығарылған 12 мың доза вакцина алынды. Бұл вакцина қызылша, қызамық және паротитке қарсы егіледі. Әлемнің 70 елінде қолданылады және Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаты бар, - деді басқарма басшы.

.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: