Атырау облысының прокуроры тағайындалды
Мемлекет басшысымен келісімі бойынша Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың ағымдағы жылғы 10 сәуірдегі бұйрығымен Халидулла Дауешов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Х.З. Дауешов 1964 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген.
Прокуратура органдарындағы жұмысын 1991 жылы Гурьев облысы Гурьев қаласы прокуратурасының тағылымдамашы болып бастаған.
Әр жылдарда Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлімнің аға прокуроры, бөлім бастығы, Бас прокуратура Департаментінің аға прокуроры болып жұмыс істеді.
2002-2016 жылдарда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының, Атырау облысы Жылыой және Мақат аудандарының, Атырау қаласының прокуроры, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2016 жылдың маусымынан бастап Қызылорда облысының прокуроры.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 27 жылдан астам.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
II дәрежелі "Даңқ" орденімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Интернационалист жауынгерге арналған грамотасымен және басқа да жауынгерлік медальдармен наградталған.