Елорда әкімі жоспарланған жалпы қалалық сенбілікті қарға байланысты тоқтатты
primeminister.kz
Жалпықалалық сенбіліктің өтку күні қосымша хабарланатын болады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Біздің қаланың ауа-райын ешқашан болжау мүмкін емес. Ауа-райы болжамы ертең де күн-райының суық болып, қар, жаңбыр жауатынын айтып отыр. Мұндай ауа-райында "тазалық флешмобы" және ағаш отырғызу былай тұрсын, далаға шығудың өзі жайсыз болады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мен алғашқы қалалық сенбілікті басқа күнге ауыстыру туралы ұсыныс тастадым,- деп жазды қала әкімі Facebook-тегі парақшасында.
Ол елорданы тазартуға арналған ең ірі акцияға қатысуға құлшыныс білдірген қала тұрғындарын ынта мен ниеттерін жоғалтпауға шақырды.
- Мен Нұр-Сұлтанға әлі жылы ауа-райы оралып, біздер астанамызды тазалау уақытын көңілді әрі тиімді өткізетінімізге үміт етемін! Жалпықалалық сенбіліктің өтку күні қосымша хабарланатын болады, - деді Бақыт Сұлтанов.
19 сәуір күні Нұр-Сұлтанда қар жауды. Қолайсыз ауа-райы алдағы екі күн бойы сақталмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript