Водолазка мен джинсі. Зеленский көбінесе қалай киінеді
Бұрынғы президент Петр Порошенкомен салыстырғанда Владимир Зеленскийдің киім талғамы тәуірлеу, өзі де сәнқой. Жастау ғой енді: күшті-күшті костюм, түрлі түсті жұқа водолазка, өзіне жарасатын теквир (шалбар) кигіш.
Зеленскийдің киім киісін меңзеген украин баспасөзі оны кейде қалжыңдап «Зэ стиль» деп атайды, ал жалпы Зеленскийдің образын сән мамандары smart casual дейді: қара-көк түсті чиностар (шалбар), жеңі түрілген жейделер, шағын кроссовки, кеды, дерби және бәтіңке, деп жазады rbc.ru.
© INSTAGRAM.COM/ZELENSKIY_OFFICIAL
Зеленскийдің сүйікті киімі – водолазка. Оның неше түрін киеді. АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Курт Волкермен кездесуге Зеленскийдің жасыл түсті водолазка киіп жетіп барғаны бар, ал америкалық делегация түгелдей костюммен отырған.
© PHOTO BY DANIL SHAMKIN/NURPHOTO VIA GETTY IMAGES
Сайлауалды дебатқа ол жасыл түсті тройка киіп, түсі қоюлау жасыл галстук таққан.
© PHOTO BY CELESTINO ARCE/NURPHOTO VIA GETTY IMAGES
Водолазканы айтпағанда, ашық түсті костюмдерді Зеленский футболкамен, жемпір мен жай жейделермен де кие береді.
© PHOTO BY BRENDAN HOFFMAN/GETTY IMAGES
Зеленскийдің бір қателігі – джинсиі мен жейдесінің балақ-жеңін жиі түріп алады. Бойы кішкентай адамдардардың өйтуін сән мамандары құптамайды екен.
© INSTAGRAM.COM/ZELENSKIY_OFFICIAL
Зеленский сосын жарқын түсті нәскиге құмар деседі: оның инстаграм-аккаунтында бұған мысал көп.
© INSTAGRAM.COM/ZELENSKIY_OFFICIAL
Жаңа президент анау-мынау аксессуарларға онша қызықпайды: ары кетсе классикалық көзілдірік, қала берді бейсболка пен кепка. Ара-тұра қалтасынан орамал шығып тұрады, бірақ бұл деталь оған өте жарасады, дейді сәннің сырын білетіндер.
© INSTAGRAM.COM/ZELENSKIY_OFFICIAL