Жаңалықтар тізбегі
0

Гаухар Алдамбергенова: "Елбасы ел болашағының бағдарын айқындады"

ҚазҰҚПУ Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2019 23:03 ҚазҰҚПУ Баспасөз қызметі
Елбасы егемендік жылдары Қазақстанның әлемдік сахнадағы беделі мен орнын айқындап, дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастырды - Қыздар университетінің ректоры.

Бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Бұл – егемендік жылдарындағы тарихи сәттердің бірі деп қабылдаймын және ұтымды таңдау деп білемін. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Гаухар Алдамбергенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Отандастарымыз Қасым-Жомарт Кемелұлын егемендіктің елең-алаң жылдарынан бері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді серіктесі, шәкірті ретінде біледі. Сондықтан да мемлекеттің негізін қалаған тұлғаның еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан білікті саясаткерге Қазақ елінің тағдырын сеніп тапсырғаны және үлкен жауапкершілік жүгін артқаны – ел болашағының бағдарын айқындап бергені деп түсінеміз", – дейді Қыздар университетінің ректоры.

Сонымен қатар Гаухар Алдамбергенова іргелі бастамаларға ұйытқы болып отырған "Nur Otan" партиясының атынан түсетін үміткер өткенімізді ұмытпай, болашақты ұлықтауға өзіндік үлесін қосып, ел азаматтарының көңіл үдесінен шығатынына кәміл сенімді екендігін атап өтті.

"Елбасы егемендік жылдары Қазақстанның әлемдік сахнадағы беделі мен орнын айқындап, дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастырды. Бұл кезеңде халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс деңгейі көтерілді. Жұртшылық үшін жағымды жақсы үрдісті одан әрмен жалғастыру бүгінде үлкен маңызға ие. Бұл тұрғыда Қ. Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатын одан әрмен жалғастыра алатын бірден-бір саясаткер", – деп атап өтті Гаухар Алдамбергенова.

Университет ректорының айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы әлемдік саясат сахнасында да өзіндік дара орны бар, дипломатияның қыр-сырын терең меңгерген тұлға. Бұл қасиеттер Қазақстанның бүгінгі абыройын асқақтатып, беделін одан әрмен көтеруге ықпал етпек.

Айта кетейік, бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтті. Жиында Елбасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты "Nur Otan" партиясынан алдағы сайлауға ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды. Осы орайда Қ. Тоқаев үлкен үміттің үдесінен шығу үшін бар қажыр-қайратын жұмсайтынын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: