Жаңа Land Cruiser 300: ол қандай болады

menimeni.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2019 15:14 menimeni.com
Жапондық марка Land Cruiser-дің жаңа буынын шығаруға дайындалып жатыр.

Жапон баспасөзі Toyota компаниясы жол талғамайтын әйгілі Land Cruiser моделінің жаңа буынын жасауды бастап кетті деп хабарлайды.

Ол көлік қазіргі 200-ші серияның орнын басады.

Су жаңа Land Cruiser 300-дің концепт нұсқасы биыл күзде Токио автосалонында көрсетілуі әбден мүмкін. Оның кейбір техникалық тұстарын Autoblog ашып берді.

Біріншіден, бұл автокөлік рамалы болып қала бермек, бірақ бұрынғыдан да жеңілдеу, әлдеқайда технологиялық көлік болады. Баяғы 8 цилиндрлі мотордың орнына одан кішірек, көлемі 3,5 литрлік алты цилиндрлі битурбо мотор келеді. Жаңа буындағы Land Cruiser 300-ге он сатылы трансмиссия орнатылуы мүмкін.

Бейресми ақпаратқа сенсек, Land Cruiser 300-дің өндірісі 2020 жылдың ортасына таман басталады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2019 15:14

Image Credit: Drew Phillips

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2019 15:14

Image Credit: Drew Phillips

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2019 15:14

Image Credit: Drew Phillips

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: