Амангелді Таспихов Орталық сайлау комиссиясына құжат өткізді

2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат ретінде Амангелді Таспихов құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың мынадай құжаттары ұсынылды:
1. "Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;
2. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;
3. Өмірбаяндық деректері;
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.
Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 26 сәуірге тағайындалды.