Дәния Еспаева мемлекеттік тілден емтиханды 26 сәуірде тапсырады

25 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясына Конституциялық заңның 55-бабына сәйкес, "Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының" қоғамдық бірлестігі президенттікке кандидат ретінде Дания Мәдиқызы Еспаева құжат тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 26 сәуірге тағайындалды.
Еспаева мынадай құжаттарын ұсынды:
1. "Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының" қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;
2. Дания Мәдиқызы Еспаеваның Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;
3. Өмірбаяндық деректері;
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.