Жаңалықтар тізбегі
0

Төлеутай Рақымбеков президент сайлауына бесінші кандидат болып тіркелді

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2019 16:53 bnews.kz
Орталық сайлау комиссиясында әзірге бес кандидат тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспихов, Дәния Еспаева, Төлеутай Рақымбеков.

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына президенттікке кандидат ретінде тіркеліп, оған тиісті куәлік беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылғы 26 сәуірде "Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың құжаттарын ұсынды:

- "Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігін Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, осы қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырысының Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

- Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші;

- өмірбаяндық деректер;

- сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.

Осы құжаттардың, сондай-ақ кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 21/253 қаулысымен Президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі анықталды және азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.

Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар:

-Президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың кірістері мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

-Президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековта оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды;

- аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.

Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты қолдап Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 309 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 754-і рас деп танылды.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын рас қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: