Амангелді Таспихов президент сайлауына кандидат болып тіркелді
Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы
Кәсіподақтар федерациясының өкілі ресми түрде кандидат атанды.
ОСК қаулысымен Амангелді Таспиховты 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу бекітілді, кандидатқа тиісті куәлік беру шешімі қабылданды. Бұл туралы ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Амангелді Таспихов тіркеуге қажетті барлық құжаттарды тапсырды, ол кандидатқа қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді. ОСК қаулысымен Амангелді Таспиховты 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу бекітілді, кандидатқа тиісті куәлік беру шешімі қабылданды", – деп хабарлады Мұстафина.
Ол атап өткендей, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа 15 өңірден кандидатты қолдайтын 122 770 қол жиналды, оның 119 577-і расталған деп танылды.
Қазірге дейін Орталық сайлау комиссиясында 3 кандидат тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспихов.
Ал Әміржан Қосанов әлі қол жинауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript