Сәдібек Түгел Президент сайлауына кандидат болып тіркелді

партия сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2019 22:29 партия сайты
Қазақстанның 15 өңірінен кандидатты қолдайтын 122 102 азаматтың қолы жиналды, оның 120 085-і расталған қолдар деп танылды.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Сәдібек Түгелді алдағы маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы отырыс барысында ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Сәдібек Түгелді президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі сайлау комиссиясына ұсынылды, әрі ол қойылатын талаптардың барлығына сәйкес келеді. Тиісті қаулы қабылданып, Сәдібек Түгел 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді, оған тиісті куәлік берілді", – деді Мелдешов.

Оның сөзінше, Қазақстанның 15 өңірінен кандидатты қолдайтын 122 102 азаматтың қолы жиналды, оның 120 085-і расталған қолдар деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: