ОСК Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 15:22 Сурет: akorda.kz
12 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабы, 5-тармағына сәйкес барлық құжат белгiленген мерзiмде алынған.

Осылайша Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажет барлық рәсімдер сақталды.Нұрлан Әбдіров

Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Өтініш берушілердің тізімімен мына жерден танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: