Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Халықтың әлеуметтік мәселелері депутаттар назарында

Ж. Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2019 20:16 Ж. Құспанов
30 сәуір мен 7 мамыр аралығында депутаттар аймақтарға сапарлап өндіріс орындарында еңбек ұжымдарымен кездеспек.

Бүгін, 26 сәуір күні, Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында депутаттардың аймақтарға сапары туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, депутаттардың халықпен кездесулерінде бірінші кезекте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

Депутаттар кездесу барысында осы бағытта қабылданған заңнамалық құжаттармен қатар, жалпы заңшығарушылық жұмыстар жөнінде баяндайды.

Халық қалаулылары өндіріс орындарында, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарда болып еңбек ұжымдарымен және жастармен кездеседі, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізеді деп жоспарлануда.

Мәжіліс депутаттарының халықпен кездесуі облыс, аудан орталықтарымен қатар шалғайдағы елді мекендерді де қамтитын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: