Комиссия қазір ойланып отыр. Әміржан Қосанов емтихан тапсырып шықты
Контур
Бірер сағаттан соң комиссия Қосановтың мемлекеттік тілді меңгеруіне қатысты бағасын беруі керек.
"Мен жаңа ғана Орталық сайлау комиссиясынан шықтым. Сағат 10-да тіл сынағы басталды, комиссия мүшелері маған үш сынақтан өтуге ұсыныс жасады", деп хабарлады Әміржан Қосанов өзінің facebook-тегі парақшасында.
– "Бәрі ойдағыдай болған сияқты, қазір комиссия өз қорытындысын шығарып жатыр, бірер сағаттан соң менің мемлекеттік тілді меңгеруіме қатысты бағасын беруі керек", – деді Әміржан Қосанов тікелей эфирде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript