Жұматай Әлиев қазақ тілінен емтихан тапсыра алмады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2019 21:27 Хабар 24
Үміткердің жауаптарын саралай келе комиссия оның мемлекеттік тілді толық меңгермегені туралы шешім шығарды – Ахметов.

Жұматай Әлиев қазақ тілін меңгергенін анықтайтын емтиханнан өте алмады. Бұл туралы ОСК лингвистика комиссиясының мүшесі Әділ Ахметов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Әр кандидат емтиханда үш сұраққа жауап берді. Бірінші тапсырма – "Мемлекет және дін" тақырыбына шығарма жазуды өзі таңдады. Екінші тапсырмада Мұхтар Әуезовтің "Абай жолынан" үзінді оқыды. Үшінші тапсырма – "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында баяндама жасау болды. Кандидат бөлінген уақытты толық пайдаланды. Жазбаша жұмысқа 1,5 сағаттан астам уақыт жұмсады. Дауыстап оқуға дайындалу үшін біраз уақыт дайындалды, – деді Ахметов.

Үміткердің жауаптарын саралай келе комиссия оның мемлекеттік тілді толық меңгермегені туралы шешім шығарған екен.

– Жазбаша жұмысынан өте өрескел қателер табылды. Үтір-нүкте, стилистика және басқа да ережелер бойынша 19 қате шықты. Соның бәрін саралай келе комиссия ортақ шешімге келді, – деп түсіндірді спикер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: