Қалқаманда тұрады. Әкесіндей полицейлер қолын қайырған екі қыз кім
Пётр Троценко | azattyq.org
Кез келген қарсылықтың астарында әлеуметтік теңсіздік жатыр.
1 мамыр күні Алматыда өткен рұқсатсыз митинг кезінде суретке түсіп қалған екі жас қыз туралы бір дерек facebook желісінде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл сурет әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті. Журналист Жолымбет Мәкіштің жазуынша, ол қыздар Қалқаманда "квартирант" болып тұратын көрінеді.
– Әлгі екі қыз – местныйлар қаланың "геттосы" санайтын "Қалқаманда" тұратын қыздар болып шықты. Алматыға күн көру үшін келген қазақтар онда өте көп тұрады. Екі қыздың үй-іші сол жерде пәтер жалдап тұратын сияқты. Ал қалада өскендер сол күні көшеге шыққандарды сөгіп пост жазып жатыр. Аузынан ақ май аққан адам ешқашан плакат көтеріп көшеге шықпайды. Оның бәрі әлеуметтік теңсіздік пен жоқшылықтың кесірі. Кез келген қарсылықтың астарында осындай әлеуметтік теңсіздік жатыр. Оны басып-жаншып тастағаныңмен, бір күні бәрібір бұрқ етіп бетіне шығады, – деп жазды Жолымбет Мәкіш.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript