Жаңалықтар тізбегі
0

Халықтың көпшілігі ұрлап-жемей, адал өмір сүруге дайын – Тайжанова

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2019 22:09 pixabay.com
Жемқорлықты халықтың мінез-құлқын өзгертпей, қоғамдық жұмыс жүргізбей жеңу мүмкін емес.

Қазақстанда сатушысы жоқ "адалдық дүкендерінің" пайда болуы – қазақстандықтардың көпшілігінің бақылау болмаса да тауар ақшасын адал төлеуге дайын екенін көрсетті. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде "Адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жанар Тайжанова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, агенттіктің басты мақсаттарының бірі – халықтың тұрмыстық жемқорлыққа деген көзқарасын өзгерту.

– Біздің халық емдегені үшін дәрігерге, іс-құжаттарды қарастыруды жеделдеткені үшін шенеунікке "ақшалай рахмет айтуды" қалыпты дүние деп қабылдайды. Қазақстандықтар мысалы, кезекте тұрмауы үшін де пара беруге дайын. Біздің мақсатымыз – халықтың тұрмыстық жемқорлыққа деген көзқарасын түбегейлі өзгерту. Жемқорлықты мінез-құлық мәдениетін өзгертпей, қоғамдық жұмыс жүргізбей жеңу мүмкін емес, – деді Тайжанова.

Агенттік қоғамда етек жайған тұрмыстық жемқорлықпен күресуді "Адалдық дүкендерінен" бастады. Бұл қоғамның санасын өзгертуге бағытталған жұмыстың басы екен.

– Қазір елде 3500-ден астам адалдық дүкендері ашылды. Олар халықтың бойында жемқорлыққа төзбейтін мінез тәрбиелеуі тиіс. Идеямыз бойынша, сатушысы жоқ дүкенге келген сатып алушы ақшаны арнайы себетке тастап кетеді. Иә, ақша төлемей, тауарды тегін алып кететін адамдар баршылық екенін мойындаймыз. Кейбір адалдық дүкендерінің қожайындары табыс көре алмай, дүкендерін жабуға мәжбүр болды, – деді спикер.

Оның сөзінше, Агенттік бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береді.

"Бұл жоба, онда әрдайым тәуекелдер болады, бірақ мұндай мәселелерді шешеміз", – деп қосты ол.

Тайжанова назар аударғандай, қанша дегенмен халықтың көпшілігі сатушысы жоқ дүкендерде ақшасын адал төлеуге дайын, әрі адал төлеп те келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: