Қазақстанға +32-ге дейін аптап ыстық келе жатыр

Pixnio, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2019 14:50 Pixnio
Елдің оңтүстігі мен орталығында күн 27−32°С-қа дейін ысиды.

4-6 мамырда Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Антициклонға байланысты жауын-шашын тоқтап, күн райы күрт жылынады. 6 мамырда облыстардың көпшілігінде күндіз ауа 23−28°С-қа дейін жылынады.

Елдің оңтүстігі мен орталығында күн 27−32°С-қа дейін ысиды.

4 мамырда оңтүстік-шығыс аймақтың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді – бұл суық атмосфералық фронттың соңғы әсері. 5 мамырда ол жерлерде күн жылына бастайды.

Қазақстанның батыс аймағы бұл кезеңде Еуропадан келген атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Батыста үш күн бойы жаңбыр, жел және найзағай күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: