"Манчестер сити" тағы да Англия чемпионы атанды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 15:22 pixabay.com
"Сити" 98 ұпай жинап, "Ливерпульден"1 ұпайға озып кетті. Осылайша қатарынан екінші жыл чемпион атанды.

Ағылшын премьер-лигасының соңғы турында "Манчестер Сити" 4:1 есебімен "Брайтонды" жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Англия чемпионы атағын сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сити" 98 ұпай жинап, "Ливерпульден"1 ұпайға озып кетті. Осылайша қатарынан екінші жыл чемпион атанып отыр.

Бұған дейін "Сити" 1936/37, 1967/68, 2011/12, 2013/14 және 2017/18 маусымдарда чемпион атанған.

Биыл сондай-ақ Англия Лигасының кубогын жеңіп алған "Манчестер сити" 18 мамырда Англия кубогының финалында "Уотфордпен" кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: