Ерсұлтан Шәкенбай ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды

Ерсұлтан Шәкенбай, ММА, үш дүркін әлем чемпионы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2023 13:56 Сурет: Instagram/shakenbay_ersultan
Қазақстандық файтер үшінші жыл қатарынан жеңіл салмақта аралас жекпе-жек өнері бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың ақтық сынында отандасымыз бельгиялық Ахдим Несиммен кездесіп, жеңіске қол жеткізді.


Сондай-ақ, аталған жарыста қыздар арасында бірінші орынды Жанна Қасқынова иеленді. Ол тұншықтыру техникасын қолдану арқылы шешуші кездесуде жеңіске жетті.

Жалпы есепте Қазақстан бір ұпай айырмашалықпен Украинадан кейін екінші орынға орнықты. Топ-3 үздіктер құрамасын Тәжікстан спортшылары түйіндейді. 

Биыл ақпан айында Ерсұлтан Шәкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: