Жаңалықтар тізбегі
0

150 жылдыққа - 150 мың теңге: Ақтөбеде "Мерейлі отбасы" байқауы қорытындыланды

Пресс-служба акима Актюбинской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 01:38 Пресс-служба акима Актюбинской области
Айта кету керек, "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, неке мен отбасы келбетінің оң үлгісін насихаттау және отбасының мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген.

Ақтөбе қаласының әкімі Ільяс Испанов бүгін "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының І-ші қалалық деңгейінде іріктелген байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады. Аталған конкурсқа қатысуға барлығы 22 отбасы ниет білдіріп, конкурс талаптарына сәйкес келген 11 отбасы сайысқа жіберілген болатын. Бұл туралы Zakon.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңімпаздарды ұлығылауға арналған шараға қатысқан қала әкімі І. Испанов алдымен оларды "15 мамыр – Халықаралық Отбасы күнімен" құттықтап, ақтөбелік отбасылардың "Мерейлі отбасы" байқауының республикалық деңгейінде топ жарып жүргенін атап өтті:

- Күні бүгін Ақтөбе қаласындағы халық саны 500 мыңнан асты. Сәйкесінше, отбасы мүшелерінің де саны артып келеді. Бұл- жақсы үрдіс.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 01:38

Ерекше тоқталып кететіні, бұған дейін ақтөбелік Нұсқабаевтар отбасы республикалық кезеңде бас жүлде алды. Одан кейін Димаштың ата-анасы Құдайбергеновтер арнайы сыйлықты иеленді. Тәрбиелі отбасылардың осы бағыттағы игі жеңістері жалғасатынына сенім бар.

Атап өтетін болсақ, "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының Ақтөбе қаласы бойынша жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссиясының шешімімен ұлттық байқаудың қалалық деңгейдегі іріктеуінде жоғары нәтиже көрсеткен Бисенғалиевтер отбасы - Гран-при, Қартбаевтар отбасы - I орын, Омаровтар отбасы - II орын және Әбілдаевтар отбасы - III орынға ие болып, оларға Ақтөбе қаласы әкімінің дипломдары мен алғыс хаттары және естелік сыйлықтар табысталды. Жүлделі орын иеленген бұл 4 отбасы енді облыстық деңгейдегі іріктеуге жолдама алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 01:38

Ал, бас жүлде алған 104 жастағы Жақыбай Бисенғалиеваның отбасына "Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай" 150 мың теңгенің сертификаты мен естелік сыйлық берілді.

- Әже сабырлы, мінезі жұмсақ. Үйде де тыным таппайды, іс тіккенді жақсы көреді. Шаршауды білмейді. Теледидардан жаңалықтар көріп, кітап оқиды. Үйге қонақ шақырып, адамдармен әңгімелескенді ұнатады. Қазір немересінің қолында тұрып жатыр,- дейді Жақыбай әженің келіні Уәзипа Бисенғалиева.

Өзінің айтуынша, Жақыбай Бисенғалиеваның 5 сыныптық білімі бар. Соғыс жылдарында жер жырту, егін егу, сиыр сауу жұмыстарын жасаған. Отағасы Ғабит Бисенғалиев ІІ дүниежүзілік соғыс, Жапон соғыстарына қатысқан. Жасы 90- нан асқанда өмірден озған. Марқұм Ғабит пен Жақыбай әжей отбасында 2 бала тәрбиелеп, өсірген. Қазір бірнеше немере, шөберелері бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 01:38

Айта кету керек, "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, неке мен отбасы келбетінің оң үлгісін насихаттау және отбасының мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген.

Қала тұрғындарының арасында осындай байқау өткізе отырып, оларды отбасыны сақтауға итермелейтін мұндай шаралар Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 01:38

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: