Жаңалықтар тізбегі
0

Данияр Әшімбаев: Билік неге интернетті блоктай береді

press-unity.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 21:43 press-unity.com
Ақпараттық соғыстың қызуын басу үшін кез-келген әдістен тайынбау керек.

Қазақстанда 9 мамырда Facebook, Youtube, Instagram және Telegram, кейбір сайттар бұғатталып қалды, деп жазады elgezit.kg.

Оның себебін қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев түсіндіруге тырысты.

Оның жеке пікірінше, ақпарат алаңын арандатушыларға беруге болмайды.

– Демократиялық, либералдық құндылықтар туралы көп айтуға болады, бірақ мынаны түсінуіміз керек: әр елдің ақпарат берудегі өз ерекшелігі болады, ал ашық насихат қоғамда үлкен қақтығыстарға әкеп соға алады. Ол таза демократияның мүддесі үшін емес, нақты бір мемлекеттің мүддесі үшін жасалуы мүмкін, – деп санайды ол.

Ол Қытайдағы қазақтардың қысымға ұшырап жатқаны туралы тақырыпты әлдебіреулер әдейі "қыздырып" отырғанын мысалға келтіреді.

– Қазақтардың Қытайға деген теріс қоғамдық пікірін қалыптастыратын жымысқы әрекеттер белсенді түрде жүргізілуде. Одан қалды – Ресейге деген өшпенділікті туғызатын топтар бар, – дейді ол.

Әшімбаев қазір геосаяси, экономикалық соғыстар жүріп жатқанын, қазақстандық ақпарат кеңістігінде Американың мүдделерін жүзеге асыратын ойындар бар екенін атап өтті.

– Вашингтонда біреулердің қазақ тілі мен қазақтың мәдениетіне жаны ашып отыр деп ойламаймын. Бұл жерде антиресейлік және антиқытайлық жобалар жүзеге асырылуда. Қашқын олигарх Мұхтар Әблязов та сондай ойынды ойнатуда. Ол да елдің наразылығын ояту үшін жанталасып жүр, – деп нақтылады саясаттанушы.

Данияр Әшімбаев түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін халықтың қызуы басылды дейді.

– Соншалық тиімді болмаса да, әйтеуір қоғамдық кеңес сияқты диалогтың дамыған түрі бар. Ал енді 1 мамырда "Сайлауға жол жоқ!" деген ұранмен митингке шыққандарды алсақ, бұл сайлаудың несі жаман? Саяси партия немесе қоғамдық бірлестік құруға ешкім де кедергі жасамайды. Заң аясында өз кандидатын шығарып, жүйеге қарсы шығуға ешкім кедергі жасай алмайды. Бұл дегеніміз, ұйымдастырушылық жұмыс жоқ. Қазақстандағы оппозициялық партиялардың көпшілігі екі-ақ себеппен ыдырады: біріншіден, өзара билікке таласқан басшылары көп болды; екіншіден, ұйымдастыру жұмыстарын жасай алатын тәуір мамандары болмады. Сол себепті Қазақстанда оппозициялық күштер жоқтың қасы. Көбіне ішкі себептерден, тек әкімшілік ресурстардың қысымынан ғана емес. Ал енді митингке шығып, жүйені құлату – ақымақтың ісі. Украина, немесе Қырғызстандағы митингтердің немен аяқталатынын көрдік қой. Сондықтан өз саяси тәуелсіздігін қорғау үшін, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін арандатушылар оянар сәтте интернетті блоктап тастаған оңай. Сөз бостандығы бұзылды деп байбалам салына берсін, өйткені бұл жерде сол сөздің бостандығы деструктивті рөл ойнап отыр ғой. Сол бұғатталған сөздер Қазақстанда ұлтаралық араздық тудыруға бағытталған. Қазақстан тұрғындарына бұл керек пе? Бұл үлкен мәселе, – деді ол.

Сол себепті ол бірқатар сайттардың блокталғанын тіпті ақтап отыр.

– Ақпараттық кеңістігіңді арандатушыларға беріп қойып отыра беру – тығырыққа тірейтін жол. Өйткені қазақтың ұлттық сана-сезімін ояту арқылы ойын жүргізіп отыр олар. Меніңше, халықтың көпшілігінің мүддесі үшін мұндай әрекеттерге жол бермеу керек. Посткеңестік елдердің көпшілігінде ұлтаралық жанжалдардың түтіні әлі де бықсып жатыр. Оны жағу оңай, сосын қалай сөндіреміз? Жалпы, Қазақстанға ондай өрттің керегі бар ма? Қазір елде ұлтаралық араздықты қоздыруды көздейтін ақпараттық соғыс жүріп жатыр, оның ыстығын басу үшін кез-келген әдісті қолдану керек, – деп санайды Данияр Әшімбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: