Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

ҚазҰҚПУ Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 22:44 ҚазҰҚПУ Баспасөз қызметі
Жәрмеңкеге 150-ден астам жұмыс беруші қатыспақ.

Ертең Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Жас маман" республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйытқы болуымен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған түлектерді жұмыспен қамтуға арналған. Жәрмеңкеге 150-ден астам жұмыс беруші қатыспақ. Олардың қатарында жоғары және орта арнаулы оқу орындары, қалалық, аудандық білім басқармалары, жалпы білім беру ұйымдары мен Назарбаев зияткерлік мектептері бар.

– Елбасы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы екендігін атап өтті. Осы орайда педагогикалық мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастар арасында жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешудің механизмі болып отыр, бүгінде. Сонымен қатар бұл шара ұстаз беделінің қоғамдағы рөлін көтеруге де өз септігін тигізеді деп ойлаймыз, – дейді Қыздар университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану және өнер саласында мамандар даярлаудың жекелеген бағыттары бойынша өткізілмек. Жиын барысында студенттер білім, ғылым, өнер және спорттағы жетістіктері жайлы арнайы портфолиолары көрмесін өткізіп, презентация жасайды.

Жәрмеңке жоғары оқу орындары түлектеріне өздерінің мамандығына сәйкес бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға мүмкіндік тудырса, ал жұмыс берушілер үшін жас мамандардың іскерлік қасиетін бағалап, білімі мен біліктілігін анықтауға септеседі.

Шара аясында "Еңбек нарығындағы сұраныс және әлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастық" тақырыбында жиын өтеді. Алқалы басқосуда жоғары оқу орындарының өкілдері мен жұмыс берушілер түлектерді жұмыспен қамтудың мәселесін талқылап, өзара келісім жасамақ. Сондай-ақ "Head hunter" компаниясының өкілдері тақырып турасында және мансапты құру мақсатында арнайы шеберлік сыныбын жүргізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: