Маусым айында Нұр-Сұлтан – Улан-Батор әуе рейсі ашылады

RusNext.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2019 23:54 RusNext.ru
Ұшу уақыты үш сағатты құрайды.

Нұр-Сұлтаннан Улан-Баторға қатынайтын тікелей әуе рейсі маусым айының басында ашылады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қазақстандық Scat әуе компаниясы 2019 жылдың 3 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан – Улан-Батор бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашады, – деді Смадияров брифинг барысында.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жаңа халықаралық рейстің ашылуы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, туризмнің дамуына ықпал етеді, екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы іскерлік ынтымақтастықты тереңдетеді.

– Әуе рейсі әр бейсенбі және жексенбі күндері Boeing 737 кемесімен орындалады. Ұшу уақыты бір бағытта 3 сағатты құрайды, – деп атап өтті СІМ ресми өкілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: