Тоқаевтың орнына дебатқа Мәулен Әшімбаев қатысады

ОКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 22:08 ОКҚ
Тоқаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі негізгі міндеттері аясындағы шараларға қатысуда.

Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев 29 мамырдағы дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz "Nur Otan" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі негізгі міндеттері аясындағы шараларға қатысуда. Үгіт-насихат жұмыстарын оның республикалық, өңірлік және аймақтық штабтары және кандидаттың сенімді тұлғалары жүргізеді.

– Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына және халықаралық деңгейдегі басқа да ілеспе шараларға қатысуда. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша оның атынан дебатқа кандидаттың сенімді өкілі, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысады, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: