1 мамырда Алматының орталық мешітінде 600 отбасыға қайырымдылық жасалады

Muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 23:21 Muftyat.kz
"Рамазан керуені" акциясы аясында 600 отбасыға қайырымдылық жасалмақ.

Ертең, 2019 жылдың 1 мамыр күні Алматы қаласы Орталық мешітінде қолы ашық азаматтардың демеушілігімен "Рамазан керуені" акциясы асында әлеуметтік аз қамтылған 600 отбасыға қайырымдылық жасалмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Яғни, мұқтаж отбасыларға, Рамазан айының құрметіне, қаржылай және азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсетіледі.

"Рамазан керуені" қайырымдылық акциясы тікелей ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастырумен өтеді.

Сондай-ақ, аталмыш шараның өтуіне Алматы қаласы Орталық мешітінің "Жастар ісі" секторы мен "Ықылас" қайырымдылық қауымдастығының және шараға демеушілік етіп жатқан қалталы азаматтардың үлесі зор екенін айтқымыз келеді.

Мекен-жайы: Мәметова-Пушкин көшелерінің қиылысы, Пушкин көшесі 16.
Уақыты: 01 маусым, сағат – 14:30
Байланыс телефоны: +7 778 332 59 31

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: