Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында сотталғандардың балаларына көмек көрсетілді

Ученики, школьники, школа, школьные принадлежности, канцелярские товары, канцтовары, занятия, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 10:02 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында сотталғандардың балаларына көмек көрсетілді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарақия ауданының балаларына, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл бастама "Инабат" қайырымдылық қоры мен пробация қызметінің бірлесуімен ұйымдастырылып, 11 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар рюкзактар берілді. Шара кезінде әсер қалдырған есепте тұрған азаматтың баласы болды.

Бала мүгедек, ол осы акцияның арқасында қажетті мектеп құралдарын алып, ерекше көзге түсті, себебі бұл оның мектепке дайындығын айтарлықтай жеңілдетті. Көмек көрсетіп, қолдау білдіргені үшін балалар да, ата-аналары да алғыс айтып жатты.

Бұл акция қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бағытындағы маңызды қадам болды. "Инабат" қайырымдылық қоры мен Қарақия аудандық пробация қызметінің бөлімі әлемді мейірімдірек әрі әділетті ету үшін күш-жігерді біріктірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: