5 маусымда үш облыста ауа-райы бұзылады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2019 22:46 pixabay.com
Өскеменде 5 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін.

5 маусым күні бірқатар өңірлерде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, 23 м/с дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Сол күні Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Өскемен қаласында 5 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында сол күні найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 5 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Сол күні Қостанай қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: