Қазақстан бұл сайлауына Еуропарламент бақылаушыларын шақырмады

Еуропа парламенті Қазақстандағы сайлау үрдісіне бақылау жүргізбейді.
ҚР СІМ елдегі кезектен тыс президент сайлауына Еуропарламент бақылаушыларын не себепті шақырмай қойғанын түсіндірді, деп хабарлайды Informburo.kz.
"23 мамырдан 26 мамырға дейін Еуропарламентке сайлау өтті. Қазір заң шығарушы органның жаңа құрамы қалыптасуда. Сол себепті Еуропарламент өкілдері ҚР кезектен тыс президент сайлауына бақылаушы ретінде шақырылмады ", – деп түсіндірді ҚР СІМ.
"Еуропа парламенті Қазақстандағы сайлау үрдісіне бақылау жүргізбейді, сол себепті сайлау процесін, одан кейін жарияланатын сайлау нәтижелеріне байланысты түсініктеме бермейді", – делінеді Еуропарламент мәлімдемесінде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript