Роза Рымбаева – халық өз таңдауын жасайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2019 16:13 zakon.kz
Әр кандидатпен халық жақсы танысты.

Алматыда сайлау учаскесіне Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева келіп, өз дауысын беріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дауыс беріп шыққаннан кейін әнші журналистермен бір ауыз тілдесті.

– Менің таңдауым – өзімнің партиямнан ұсынылған кандидат! Мен Nur Otan партиясының мүшесімін. Биылғы сайлаудағы белсенділік бұрынғы сайлауларға қарағанда нақты азырақ, себебі алты кандидаттың алты партиясы бар деуге болады, сол партия мүшелері, жалпы, насихат, үгіт жұмыстары жақсы жүргізілді. Себебі оның барлығын біз ақпарат арқылы, телевизия арқылы көріп отырдық. Әр кандидатпен халық жақсы танысты. Енді кімді таңдайды, қайсысының бағдарламасы өзіне жақын – оны шешетін қарапайым халықтың өзі, – деді әнші.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2019 16:13

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: