Нұр-Сұлтанда жын ұрғандай жүретін таксистің Lada-сын полиция тартып алды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2019 15:27 pixabay.com
Бұл жүргізуші бұрын да талай рет жауапкершілікке тартылған екен.

Нұр-Сұлтанда полицейлердің заңды талабына бағынбаған такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz астаналық полиция департаментіне сілтеме жасап.

9 маусымда Бөгенбай батыр даңғылының бойында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі патруль полициясына бағынбай, жабылған жолмен үлкен жылдамдықпен өтіп кетті.

Көп ұзамай көлік иесі анықталып, ұсталды. 28 жастағы жігіт әкімшілік кодекстің 443 бабы 1 б. бойынша жауапкершілікке тартылды. Анықталғандай, бұл жігіт бұдан бұрын да жол ережелерін жиі бұзып, айыппұлдар арқалаған екен.

Оның Lada-сы айып тұрағына қамалды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: