Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының фермері жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2019 22:42 pixabay.com
Жайылымынан өте қашық кеткен жылқылар толығымен табылып, иесіне қайтарылды.

Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғыны 26 жылқысын тауып берген тәртіп сақшыларына әлеуметтік желі арқылы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"10 маусым күні аудандық полиция бөлімшесіне бірнеше күн бұрын жайылымдағы жылқысын таба алмай жүрген жеке шаруа қожалығының иесі арыз берген. Тәртіп сақшылары тарапынан ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында өте шалғай қашықтыққа кеткен жылқылар толығымен табылып, иесіне қайтарылды",- деп хабарлап отыр ведомствоның баспасөз қызметі.

Шаруа қожалығының иесі бір топ жылқысынан көз жазып қалып, таба алмаған соң тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінгенін айтып отыр.

"26 жылқымды таба алмаған соң Ақсу ауданының полициясына харарластым. Сол тәртіп сақшыларының көмегімен малым аман-есен табылды. Оларға мың да бір рахмет", - делінген Сағабүйен ауылының тұрғыны Әбен Шөмшеков таратқан бейнежазбада.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, облыста мал ұрлығының алдын алу, ұрылар қолды қылған малды іздестіріп, оларды иелеріне қайтару бойынша шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады. "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы барымташылардың жымысқы әрекеттерін болдырмауға бағытталған шаралардың бірі. Тәртіп сақшылары аймақта соңғы үш айға жуық мерзім ішінде шамамен 300 бас малды тауып, заңды иелеріне қайтарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: