Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды
Ақорданың ресми сайтында Ғали Есқалиевтің Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы Президент жарлығы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, - делінеді ресми құжатта.
Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы 6 ақпанда Орал облысының Таловское ауылында туған.
1993 жылы Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы институтын, 2009 жылы - экономист мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
· Ғылыми-өндірістік Орал агрокомбинаты кәсіпорнының аға маманы (1993);
· "Тұран-Әлем" банкі БҚО басқармасында бөлім бастығы, аға экономист (1994-1998);
· "Темірбанк" ААҚ Орал филиалының директоры (1998-2003);
· БҚО Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту департаментінің бастығы (01.2003-02.2004);
· БҚО өңірлік "Градиент" инвестициялық орталығының жетекшісі (2004-2006);
· "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры (06.2006-03.2008);
· "Қазақстанның даму банкі" АҚ вице-президенті (03.2008-06.2009);
· "Қазақстанның даму банкі" АҚ Басқарма төрағасы (06.2009-2011);
· Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (03.2012-06.2014);
· Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (06.2014-09.2016);
· "Астана қ. Даму жобаларын сараптау орталығы" ЖШС директоры (2017-2018);
· Астана қаласының қалалық ортасын регенерациялау басқармасының жетекшісі (05.2018-01.2019);
· Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (01.2019 бастап)
"Нұр Отан" партиясының мүшесі, "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медальдарының иегері.