Арыста адам қалмады: мародерлер ұсталды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2019 16:34 видеодан кадр
Қалада ұрлық деректері болмауы үшін полицияның 75 наряды жұмыс істеуде.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласынан шығатын жерлерде полиция бекеттері қойылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қазір Арыс қаласының периметрі бойынша бекеттер қойылды. Қалада ешкім дерлік қалмады. Зақымданған үйлер бар, жарылмай қалған снарядтар да бар. Азаматтардың қалаға кіруіне тыйым салынған, - деді ол үкімет отырысында.

Оның дерегінше, қалада ұрлық болмауы үшін полицияның 75 наряды жұмыс істеуде.

- Ұрлық жасаған үш адам ұсталып үлгерді. Олар екі қылмыс жасады – бір дүкен тоналып, бір үйден ұрлық жасалды, - деп нақтылады Тұрғымбаев.

Арыста 24 маусымда әскери қойма жарылып, қазірге дейін 2 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр: бір тұрғын мен бір әскери қызметкер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: