Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның жеделхаты

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2019 19:15 Сенаттың баспасөз қызметі
Сенаторлар қайғыға ортақтасты.

Сенаторлар Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқиғаларға байланысты қайғырып көңіл айтты. Әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан адамдар қаза болды, жараланғандар бар, тұрғындарды көшіруге тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Елімізге қайғы әкелген осы күндерде жеке өзімнің және Сенат депутаттарының атынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сіздер душар болған қайғыға ортақтасып, бірге қайғырамыз, біз Сіздермен біргеміз.

Арыс тұрғындарына қол ұшын созған қазақстандықтарға ерекше алғыс айтамыз. Жүрегі мейірімге толы мыңдаған жандар адамдарды көшіруге көмектесті, тамақпен, киім-кешекпен бөлісіп, баспанасыз қалғандарды үйлеріне орналастырды, жоғалған балаларды іздеуге көмек берді.

Ержүрек әскери қызметшілер тәуекелге бел буып төтенше жағдай аймағынан адамдарды көшірді, отпен, өртпен күресті. Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және уақытша қиындықтарды бастан өткеруге көмектесу үшін дәрігерлер, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, еріктілер, республикалық және жергілікті билік органдары қолдан келгеннің бәрін жасауда. Зардап шеккендердің бәрі тезірек сауығуын тілейміз.

Біздің күшіміз бірлік пен қайырымдылықта және рақымшылықта екенін қазақстандықтар тағы да паш етті. Бүкіл елімізде Арыс тұрғындары үшін киім-кешек, ақша және азық-түлік жинақталып жатыр.

Біз тек біріге отырып барлық қиындықтарды еңсереміз, мұқтаждарды қолдау арқылы Арысты қалпына келтіре аламыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Сенат Аппаратының қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын Арыс қаласында төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендерге аударды, – делінеді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның жеделхатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: