Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Семей қаласының ақпараттық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 14:31 Семей қаласының ақпараттық орталығы
Оқу орнының директоры барлық қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.

Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Оқу орнын туған күнімен құттықтауға еліміздің түкпір түкпірінен түлектер мен қонақтар келді.

Оқу орнының директоры Айбек Нұғымаров барлық қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 14:31, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 14:31, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 14:31, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 14:31

- Колледж 1929 жылы ашылды, - деді А. Нұғымаров. - 90 жылдық тарихында оқу орны көп нәрсені бастан кешірді. Ең бастысы, осы жылдар ішінде колледж өзінің оқу базасы мен қалыптасқан дәстүрлерін сақтап қалды. Бүгін мерейтойға студенттер, оқытушылар және әр жылдардағы түлектер жиналды. Барлықтарыңызды осы маңызды күнмен құттықтағым келеді, туған колледжіміздің одан әрі өркендеуіне тілектеспін.

Мереке драма театрда жалғасып, Семей қаласының әкімі коледжді 90 жылдығымен құттықтады. Ермак Сәлімов өз сөзінде оқу орнының болашағы зор екенін атап өтті.

- Колледж базасында жеңіл және жүк көліктерін, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша орталық ашылады-деді Ермак Бидахметұлы. – Бұл орталық "World Skills"чемпионатына дайындық базасы болмақ. Семейде осындай 4 орталық ашу жоспарда бар.

Өз сөзінде Е. Салимов биылғы жылы оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және колледждің жатақханасын күрделі жөндеуге 103 млн.теңге бөлінетінін атап өтті.

Мерейтой үлкен мерекелік концертпен аяқталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: