Арыста қаза тапқан үшінші адамның артында баласы қалды

rukh2k19, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2019 17:47 rukh2k19
Әбдіқұл Ахметов келісімшарт негізінде әскери қызметке 2013-ші жылы шақырылған, бөлімше командирі қызметін атқарып жүрген.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев ОКҚ-дегі брифингте Арыста қаза болған үшінші адам туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қаза тапқан үшінші адам – 1987 жылғы Әбдіқұл Нұрланұлы Ахметов. Үйленген, бір баласы бар. Шымкентте туған. Келісімшарт негізінде әскери қызметке 2013-ші жылы шақырылған, бөлімше командирі қызметін атқарып жүрген, – деді Дандыбаев.

Оның сөзінше, Ахметов кеше қайтыс болды.

– Өкінішке қарай, әскери қызметкер алған жарақаттарынан емдеу мекемесінде қайтыс болды. Кеше, – деп нақтылады ол.

Қазірге дейін Арыстағы трагедиядан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды: екі әскери мен бір тұрғын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: