Астана күні тойланады: бюджеті үш есеге қысқартылды

Zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2019 21:45 Zakon.kz/Максим Золотухин
Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы кестеден алынды.

6 шілдеде астананың 21-ші туған күні келе жатыр. Астана күнін тойлату аясында 100-ге жуық шара өтеді, оның 73-і халық үшін тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл тойлату бюджеті үш есеге қысқартылды.

- Жылда 300-ден астам шаралар өтетін. Биыл бюджетті оңтайландыру мақсатында шаралар саны қысқартылды. Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы, басқа да шығыны көп шаралар кестеден алынды, - деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.

- Есеп бойынша, бұл 300-400 миллион теңге. Одан аспайды. Бұл өткен жылдардағы шығындарымыздан әлдеқайда аз. Бюджетті үш есеге қысқарттық, – деп қосты ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, Астана күнін тойлатуға тыйым салуға болмайды.

- Тойлауға толық тыйым салуға болмайды. Биыл баяғыдай аста-төк болып өтпейді. Астананың 21 жылдығы биыл. Бұл астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Жаз уақыты. Үш күндік демалыс. Еліміздің барлық өңірлерінен демалуға халық келеді, Нұр-Сұлтанның өзінде 1,1 миллион адам бар, шетелдік туристерді қосыңыз. Жоқ, той болмайды деп тоқтатып тастауға болмайды. Түсінетін шығарсыздар. Бәрімізге демалыс керек, қандай болмасын, - деп тоқтады Ерлан Каналимов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: