Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында екі бала көшедегі көлікке оқ атты

moe-online.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 17:11 moe-online.ru
Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған екі бала заңды өкілдеріне тапсырылды.

Оқиға Қарасай ауданында орын алған. Тосын дауыс шығып, көшедегі көліктің жүргізуші жағындағы есігіне зақым келген. Жүргізуші аудандық полицияға хабар берген. Болжам бойынша көлікке оқ тиюі мүмкін деген нұсқа қарастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Жедел іздестіру шаралары барысында көлікке залал келтірген күдіктілер анықталды. Олар Қостанай облысынан қонаққа келген 15-16 жастағы екі жасөспірім болып шықты. Олардың үйінен пневматикалық мылтық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деп хабарлайды Алматы облысы ПД Баспасөз қызметінің өкілдері.

Алдын ала тергеу барысында екі бозбаланың ауладағы нысаналарды атып жүргенінде қаңғырған оқтың көлікке тигені анықталды. Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған екі бала заңды өкілдеріне тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: