Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар шетелдіктердің уақытша ойыншығы болатыны құпия емес

facebook.com/Серік Сапарғали, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 20:53 facebook.com/Серік Сапарғали
Мен Теңізде 10 жыл істеген адаммын.

Мен 1995-2004 жылдары Теңіз кенішінде Электроцех шеберінен Қауіпсіздік бөлімінің Консультанты деңгейіне шейін еңбек істеген адаммын. Соңында, Семей полигонының 12 жылы, 16 жыл зиянды мұнай өнідірісінде істеу нәтижесінде, 2004 жылы арнаулы Бағдарламаға сәйкес жұмыстан шығуға тура келді, деп жазады желіде Серік Сапарғали есімді азамат.

– Бұл жерде тек шетелдіктермен қарым-қатынас туралы айтпақпын.

Шетелдіктер біздің жағдайымызды, ешқандай құқы қорғалмаған, жемқор билікпен әбден рухы басылған халық екенімізді жақсы біледі.

Өкінішке қарай, біздің кейбір отандастарымыз да солардың алдында жақсы көрінуге тырысып, бүгежеңдеп, өздерін шетелдік басшылар алдында төмен ұстауға тырысады.

Мен сондайларға жыным келіп; "Ей, олар мұнда ақша табу үшін, біздің май мен газды соруға тентіреп келгендер, ал сендер өз жерлеріңе табан тіреп тұрсыңдар ғой! Неге соларға жалпақтай бересіңдер!", деп ұрысатынмын. Әрине, ондай жантықтарды шетелдіктер жақсы көреді, қолдайды, өсіреді.

Соларды көргенде бір Том Круз бен Брэд Питті көргендей бола қалатын біздің қыз-келіншектеріміз де аз деп айта алмаймын. Арасында соларға тұрмысқа шығып, бірақ, көбісі солардың уақытша ойыншығы болып, сорлап қалып жатқаны да құпия емес.

Бұл жерде біз, 2009 жылы Қазақ халқына жариялаған Үндеуіміздегі, басқа Елдің азаматына тұрмысқа шыққан азаматшаларды бірден, Араб Эмираттары сияқты, азаматтықтан айыру керек, деген ұсынысымызды еске түсіремін.

Бірақ, олар мықты психологтер! Өздеріне бас имей, тең ұстайтын адамдармен санасады.

Негізінен, көптеген жұмыс күштерін өзіміздің азаматтармен алмастыруға болар еді, деп есептеймін. Мысалы, 2006 жылы Атырауда NEBOSH халықаралық сертификатын оқып жатқанда, қонақ үйде, Түркиядан келген мамандардың қонақ үйдегі лифті өмірінде бірінші рет көргенін байқадым. Сонда олар қайдан келген "мамандар"?

Теңіздегі соңғы наразылықтар азаматтарымыздың ар-намыс, рух деңгейінің соңғы жылдары біраз өскенін байқалтады. Бұл қазақ халқының жоғарыдағы имансыз жемқорлар иемденіп, отыз жыл кенедей жабысқан билігін қайта қайтаруға алғашқы сатылар, деп есептеймін. Алла разы болсын, сендерге, атыраулық намысты бауырларым! Осылай, өз тағдырымызды, Ел тағдырын да өз қолымызға алатын күнге жетерміз, – дейді ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 20:53

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: